Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы болып табылады.Мемлекеттік монополияның функциялары:
1) мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу;
3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың пайда/қауіп арақатынасын бағалау;
4) медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамаларын және клиникалық-техникалық негіздемесін бағалау;
5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер жүргізуге арналған материалдарды бағалау.
MedTranslate командасы ДЗМБСҰО тексерісінен өтетін мемлекеттік тілдегі сапалы аударманы ұсынады